Білім бәсекесіндегі белес

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне аудандар мен қалалық жарыстың жеңімпаздары атанған 936 оқушы қатысты. Оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша үш жүз тоқсан білімгер бақ сынап, 150-і жүлделі орындармен марапатталды, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша сынға түскен 546 оқушының 256-ы үздік танылып, жеңімпаздарға өңірдің бас ұстазы Жолдас Батырхан арнайы дипломдарды табыстаған болатын. «Үздік олимпиадалық команда» аталымы бойынша бас жүлдені Дарынды жасөспірімдерге арналған облыстық мамандандырылған «Білім – инновация» лицей – интернаты жеңіп алса, «Үздік инновациялық мектеп» аталымының алғашқы қатарынан да осы білім ордасы көріне білді. «Үздік жалпы білім беретін мектеп» аталымының бірінші орынын Ақтөбе қаласындағы №61 орта мектебі иелене білді.

Дүбірлі доданың қорытынды кезеңінде сәуір айының 18-23 күндері аралығында электронды форматта ұйымдастырылуы жоспарланған республикалық кезеңде біздің өңірдің намысын жаратылыстану – математикалық бағыт бойынша 51, қоғамдық – гуманитарлық бағыт бойынша 39 оқушы қорғайтындығы белгілі болды. Білім бәсекесінде бақ пен бақ сынайтын үздіктердің биік белестерді бағындыруы үшін сәттілік тілейміз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий