Дебат турнирдің кубогы

Орал қаласы әкімінің кубогы үшін мектеп оқушылары арасында дебат ойыны ұйымдастырылды. Басқосуға қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов пен білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

– Ашық ой алаңына қызығушылық танытқан жасөспірімдердің қатары артқаны қуантады. Дебат қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы, сыни ойлау, жүйелеу дағдыларыңызды жетілдіреді. Өз позицияларын сақтап, оны нақты дәлелдермен жеткізу, идея ұсыну – білім мен тапқырлықты қажет етеді.

Сондықтан көбірек оқу, ақпараттар ағынын сыни қабылдау мен ұстанымды дәлелді қорғауға деген ұмтылыс маңызды. Өңірде дебаттық қозғалыс 2000 жылдардан бастап дамыды «Ақиқат» пікірталас клубы ашылды. Осы қозғалысты одан әрі дамыту үшін айтылған түрлі ұсыныстарды қабылдауға дайынбыз, – деді Мирболат Сағынғалиұлы. Турнир нәтижесінде №41 мектеп-лиицейдің «Аралас» фракциясы әкім кубогын жеңіп алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий