“Қызғалдақ” фестивалінің жеңімпаздары

Жезқазған қаласындағы №8 гимназияда дала гүлінің атындағы фестиваль ерекше білімге мұқтаж балалар арасында ұйымдастырылды. Жергілікті байқаудың іріктеу кезеңінде жеңімпаз атанған үздіктер республикалық деңгейдегі онлайн жарысқа жолдама алды, – деп хабарлайды Қарағанды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жеңімпаздарды марапаттау және лауреаттардың гала-концерті, еліміздегі және өңірдегі қолайлы эпидемиологиялық жағдайға байланысты елордасында маусым айының 1-інде Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылатындығы жоспарланған. Қатысушы үміткерлердің ата-аналары мен ұстаздар мерекеге жиналғандарға тосын сыйлықтар дайындады.

Ұзақ уақытқа созылған шектеу шараларынан кейінгі жүздесуде сахнада өнер көрсетушілердің ерекше қуанышы байқалды. Құттықтау сөз алған  ата-аналар комитетінің төрайымы, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының директоры Раушан Қапарова мен мектеп директоры Маратбек Жақыпбекұлы жиналғандарға ризашылығын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Фестивальге №3 білім ордасының арнайы сынып оқушылары, №21 және №133 жалпы білім беретін мектептің инклюзивті сынып оқушылары белсене қатысты. Бұл байқау шығармашылық байланыстарды дамытып, жарқын да қызықты идеялардың туындауына, достық пен өзара түсіністіктің бекемделуіне барынша ықпал етеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий