Кәсіптік бағдардың мақсаты мен маңызы

«Білім мен кәсіби іскерлік дағдылар – қазіргі заманғы білім мен кадрларды даярлаудың басты бағыты». Ұрпақ – еліміздің, ұлтымыздың болашағы. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Сондықтанда оқушыларға кәсіптік бағдар беру ісін сәтті ұйымдастыра білу – үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс.

Осындай мақсатты істі жүзеге асыруда бар жауапкершілікті сезініп, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып, дамыту және оған жан-жақты терең білім беру ісінде мектеп ұжымы аянбай еңбек ете бермекші. Ендеше келешектің иесі бүгінгі ұрпаққа білім беріп қана қоймай, келешектің көкжиегіне қол жеткізетін мамандықтарға жол сілтеуіміз хақ.

Кәсіп, мамандық – арнайы дайындықты қажет ететін еңбек іс-әрекеті. Жалпы «кәсіптік бағдар беру дегеніміз  не?»деген сауал бәрімізді ойландырары анық. Кәсіптік бағдар беру дегенміз- педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.

Білім алушыларымыз мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады. Алдарына нақты мақсат қойып, өз болашақ мамандығын жан-жақты зерттеген жағдайда ғана нәтиже жемісін береді.

Биылғы оқу жылында мектеп бітіруші түлектер арасында математика, физика пәні мұғалімін даярлау, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімін даярлау, психолог, дефектолог, жалпы медицина, ветеринария, стандарттау, сертификаттау, ақпараттық технология мамандығына таңдау жасаған білім алушыларымыз бар. Жеке адам өткен ұрпақтардың объективтендірілген тәжірибесін игеріп қана қоймайды, сонымен қатар өзінің дамуына ықпал ете отырып, оны байытуы тиіс.

Сондықтан, кәсіби оқытуда білім, білік және дағдылық қасиеттерді жеке түлға бойына сіңіріп, оны қадағалау, дамыту мәселесі басты орынға ие. Қорыта айтқанда, кәсіптік білім берудің мақсаты мен маңыздылығы, қазіргі заманауи кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мен білікті мамандарды даярлау қажеттілігі қарастырылған.

Назым Орынбайқызы БАЙМАХАНОВА,
Темірбек Жүргенов атындағы №80 мектеп
гимназиясының тарих пәні мұғалімі,
бейінді-бағдарлы орынбасар, Қызылорда
облысының Қармақшы ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий