Құс қанатындағы арман

Жергілікті білім беру ұйымдарындағы экология үйірмесінің қатысушыларына қоса табиғат жанашырлары арасында «Құс қанатындағы арман» тақырыбында облыстық қашықтық байқауы ұйымдастырылды, Қатысушылар байқау ережесіне сәйкес, «Қанатты жерлес», «Жылы ұя», «Құстар қанат қағады» аталымдары бойынша өлкемізде мекен ететін сан алуан құстардың суреттерін бейнеледі, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ кез келген ауа-райына жарамды ағаш материалдардан ұя жасап, «Қызыл кітапқа» енген, жойылу қауіпі бар жеріндегі құстар жайында ғылыми жобалары ұсынылды. Әрі түрлі әлеуметтік желілерде экологиялық контентті күшейту, «Қарақия-Қаракөл» көлінде құстарға арналған бақылау алаңдарын орнату, білім беру ұйымдары жанынан «Табиғаттың жас достары» клубтарын құру және олардың санын арттыру секілді ұсыныстар білдірді.

Қорытынды кезеңде «Қанатты жерлес» сурет аталымы бойынша бірінші орын – Мұнайлы ауданындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Байдулла Назеркеге берілсе, «Жылы ұя» аталымындағы алғашқы қатардан Жаңаөзен қаласындағы №8 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушылары Демекхан Ербол мен Өтеген Мадияр көрінді.

«Құстар қанат қағады» ғылыми жоба аталымындағы бірінше жүлде  Маңғыстау аудандық Тұщыбек мектеп-бөбекжайының 9 сынып оқушылары Сахарбай Ержан мен Айдарбаев Ғибратқа табысталды. Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий