Алтын жүректі ұстаз
Қазығұрт ауданындағы Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде ардагер ұстаз Кішкентаева Тойкүл Қасымбекқызының «Қасымбек ата тағлымы» атты кітабының тұсаукесері мен арнайы кабинеттің ашылу салтанаты ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Жиынды білім ордасының Нұхбек Ерназаров ашып, тағылымды шараны қазақ тілі мен әдебиетінің пән мұғалімі, 6«А» сынып жетекшісі Аманкулова Роза Шолбайқызы жүргізді. Басқосуға аудандық маслихттың хатшысы Ө. Көпеев пен “Әжелер алқасы” қоғамдық ұйымының төрайымы Б.Исмаил қатысып, кабинеттің тұсауын кесті. Жиналғандар педагогика салысын жергілікті өңірде ілгері дамытуға қомақты үлес қосып, шәкірттерге ана жүректі жылулық нұрын сепкен аяулы тұлғаның еңбегіне алғыстарын айтып, төрден орын алған қасиетті тұғырдан түспеуіне тілектестіктерін білдірді.
– Ұйымшыл ұстаздар ұжымы бұл жүздесуді жоғары деңгейде ұйымдастыра білді. Ардақты апайдың демеушілігімен жаңаша жабдықталған кабинет ашылып, зерттеу кітабының тұсауы кесілді. Ұлағатты ұстаз құрметті еңбек демалысында жүрсе де уақытын тиімді пайдалану арқылы кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде құнды еңбек жазғаны қатарластары үшін де үлкен өнеге.

Ол бұл шығармасында ұстазға тән ұлағаттылығын дәлелдеп отыр. Қалың оқырманы авторды бабасының тектілігін бойына сіңірген болмысы мен бітімі бөлек ерекше жан екендігін танаитындығы даусыз, – дейді “Әжелер алқасы” қоғамдық ұйымының төрайымы Бағила Исмаил.
Загрузка...