Оқушылардың мұражайға саяхаты

Атырау қаласындағы №10 Сәбит Мұқанов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 3 “В” сынып оқушылары жергілікті тарихи- өлкетану мұражайына саяхатқа барып, алғашқы адамдардың еңбек және аң аулау құралдарынан құралған экспонаттармен танысты, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Жеткіншектерді өңірдегі аумақта екендейтін ірі және ұсақ жабайы дала аңдары мен құстардың алуан түрлілігі де қызықтырмай қоймады. Олардың ішінде торғайлар, жабайы үйректер мен қаздар, құрлар, түнгі аңшы атанған жапалақтар мен басқа да қанаттылар бар болатын.

Сонымен қатар балғындар киіз үй жабдықтары мен еңбек құралдарын, ескі күміс ақшаларды, сарбаздардың жарақтары бойынша терең тарихты  тамашалаған болатын. Саяхатқа барған білімгерлер бұл сапардың ұнағанын айтып, білімдерін кеңейткені үшін көтеріңкі көңіл-күймен оралғандарын жеткізді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий