Қош болыңыз, қазақтың аяулы қызы!
Шәмшә Көпбайқызы Беркімбаевамен 1991 жылы Білім және ғылым министрлігіне жұмысқа келгенде танысқан едім, содан 15-20 жылдай қызметтес болдым, соңғы уақытқа дейін сыйлас-сырлас болдық.

Ол қазақ халқына адал еңбек етті. Білім сапасы проблемалары, әсіресе ауылдағы қазақ мектептері мен онда оқитын балалардың мәселелерін бар жан дүниесімен сезінетін, сол мақсатта адал көңілмен таза еңбек еткен жан. Қажет болған жағдайларда, қандай мінбелерден болмасын, мәселені ашық көтеріп, оның шешілуін талап етті.
Қазақ халқы, білім саласы, өзінің таза жүректі асыл қызының алдында борыштар деп есептеймін. Сіздің есіміңіз қазақ халқымен бірге мәңгі жасайтын болады, ардақты Шәмшә Көпбайқызы. Сізді мәңгі есімізде сақтаймыз. Сіздің ұлағатты істеріңізді ұрпақтан-ұрпаққа айтып жүретін боламыз. Қош, дана ұстаз, қазақ халқының қасиетті қызы!
Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ,
Мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты, академик