Құрылыс саласын ғылыми негізде дамытудың маңыздылығы

Құрылыс саласы қазіргі таңдағы Қазақстан экономикасындағы барынша қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан республикасы өндіріс саласын жаңа деңгейге шығару мақсатында арнайы стратегиялық бағытты таңдап отыр. Атап айтсақ отандық тұрмыстық тауар өндірушілерді жан – жақты қолдап, олардың нарыққа ұсынатын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етіп алып отыр.

Жаңа өндіріс қуаттарын іске қосу және еңбекшілердің тұрғын үйлер құрылыстарын одан әрі жақсарту басты міндеттердің бірі болып отырған жағдайда, құрылыс техникасымен, оның ішінде құрылыс материалдарын өндіру болып отыр. Үйді қандай материалдардан салу жайы ерте замандардан–ақ адамдарды көп толғандырған. Дегенмен, бұл мәселе қай заманда болсын белгілі бір елдің экономикалық, әлеуметтік, тарихи – қоғамдық және географиялық жағдайларына тығыз байланысты дамып, өріс алып отырды.

Адам баласы кірпіш, бетон және құрылыс гипісін жасауды біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын бастаған. Бұған қазіргі уақытқа дейін сақталған архитектуралық ескерткіштер зерттеу нәтижелері дәлел бола алады. Біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын салынып, осы күнге дейін сақталған дүние жүзіндегі аса ірі архитектуралық ескерткіштер, қорғандар, храмдар, тағы сол сияқты күрделі және өте көрнекті құрылыстар қандай материалдардан және қалай жасалған, олардың қандай түрлері өндірілген.

Құрылыс материалдары өздерінің қасиеттеріне байланысты әр түрлі конструкциялар жасау үшін қолданылады. Олай болса, сол конструкцияларды өз талабына сай етіп жасау үшін, оған пайдаланылатын құрылыс материалдарының құрамы да өзінің сапалық қасиеті жағынан әр түрлі болып келеді. Бұл талаптардың бәрі мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарда еске алынып, нормаланады.

Қазіргі таңда өндіруші өнеркәсіпте және қызметтер көрсету саласында бәсекеге қабілетті ірі экспортқа бағдарланған тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуді өндіру, сондай – ақ өндірілетін өнімге халықаралық сапа стандарттарын енгізу керек, және құрылыс саласын серпінді дамыту үшін жағдайлар жасау және халықтың қалың қауымы, соның ішінде – әлеуметтік қорғалатын жіктері үшін тұрғын үй құрылысы қарқынын арттыру болып табылады.

Бүкiл құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылып, бөлiнген жер учаскесi көркейтiлгеннен кейiн, құрылысты салу әдiсiне қарамастан, жаңадан салынған жеке тұрғын үйлер «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдалануға қабылданады. Қабылдау комиссиясының мүшелерi құрылыс қалыптары мен ережелеріне сай келмейтін жеке тұрғын үйлердi пайдалануға қабылдағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Тұрғын үй өзекті мәселе құрылысты жандандыру үшін мемлекеттік тексеру органы және үкімет өзі басқарып отырса тиімді болады. Қазіргі таңда тендер тиімсіз, себебі қаражатты тендер арқылы ұтып алады да, ол бөлінген ақша толық құрылысқа жұмсалмай, өз пайдасына жұмсалады да, сапасыз құрылыстар көбеюде. Біз күнделікті ақпараттан оны көріп отырмыз. Негізгі құрылыс нысандары балабақша, мектеп, тұрғын үй сапасыз.

Іргетастан бастап, шатырына дейін мемлекеттік стандартпен салынбағанын және құрылыс нысанын қабылдау комиссиясы немқұрайлы қабылдағандықтан жылға жетпей күрделі жөндеуді қажетсінеді. Қазақстанның дүниежүзілік экономикадағы интеграциялық үрдістерде терең және жан-жақты ықпалдасуы жағдайында отандық құрылыс компанияларының өркениетті де аса қатаң бәсекелестік күреске дайын болуы бүгінгі күннің өзекті мәселесі екені анық.

Және осы ретте колледждерде дайындалып жатқан болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін, құрылысшы – адамзат өркениетінің бастауында тұрған мамандық екендігін де естен шығармағанымыз жөн. Соған байланысты, өз мамандығының майталманы атанып, туған жерді түлетуге аянбай үлес қосатын білікті де бәсекеге қабілетті мамандар дайындау – басты міндетіміз.

Гүлбану Іздібайқызы ЕСБОЛАЙ,
Yessenov University аға оқытушысы, магистр,
Маңғыстау облысының Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий