“Тапқыштар” әдеби ойыны ұйымдастырылды

Біздің білім ордасындағы кітапханада 3 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Тапқыштар» әдеби ойын ұйымдастырдық. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды кітаптың шығу тарихимен таныстыру, кітаптың маңызын, кітап арқылы білім берілетінін ұғындыру. Балалар ақын-жазушыларының шығармаларымен таныстыру.

Шығармашылық қабілетін, ойы мен өрісін дамыту. Оқулықты, кітапты құрметтей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Іс-шара түрлі смайликтер арқылы амандасудан басталды. Оқушыларға жағымды қөңіл күй сыйлау. Оқушыларды кітаптың шығу тарихымен мектеп кітапханасының белсендісі 8 «А» сынып оқушысы Ыдырыс Гүлназ құлақтандырды.

Алғашқы кезеңде «Сиқырлы сандық» арқылы топқа бөлу ұйымдастырылды. Кітапты ұстау ережесін есте сақтау мақсатында «Сөйлемдерді құрастыр» атты ойын өткізілді. Осы ойын барысында  кітапты ұстау ережесі құрылды: кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.

Кітапты қалай болса солай оқыма. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің. Екінші кезеңде шарларды себетке таяқшалар арқылы 4 оқушы әр топтан бірігіп салады. Себетке салған шарларын жарып, ішіндегі жұмбақты шешу тапсырылды. Оқушылар жұмбақты жылдамдылық танытып, шешуін тапты. Әрі қарай оқушыларға ақын-жазушыларының өлең жолдары беріліп, оқушылар  авторымен мен өлеңнің атын табу тапсырылды.

Балалар ақын-жазушылары Ы.Алтынсарин, Ә.Тәжібаев, Ж.Жабаев, М.Әлімбаев шығармаларымен таныс болды. Келесі кезеңде сұрақ-жауап  «Wheelofnames.com» әдісі бойынша, дөңгелек айналып қай оқушыға тоқтайды, сол оқушы қойылған сұраққа жауап беру әдісі пайдаланды. Сұрақтарға балалар дұрыс жауап бере алды. «Бес қадам» әдісімен ойынымызды жалғастырдық.

Оқушылар әр қадамды аттай отырып балалар ақын-жазушыларын, балалар газет-журналдарын атады. «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Айтшы, әжетай», «Жыл он ек ай» және тағы да басқа журналдармен таныстық. Ойын сонында сүйікті кітаптарымызбен бірге «Кітаптар нені жақсы көреді?» ойынын (иә,жоқ) ойнайдық. Ойынға 3 «Ә» сынып оқушылары белсене қатысты. Бұл шара өте қызықты, тартымды өтті.

Жанар БЕКМАҒАНБЕТОВА,
Зейтін Ақышев атындағы жалпы
білім беретін орта мектептің кітапханашысы,
Павлодар облысының Баянауыл ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий