“Жұлдызай” балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңі қорытыланды

Жамбыл облыстық білім басқармасының қолдауымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ХVII республикалық «JULDIZAI» балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Ерекше  білім  беру  қажеттілігі бар балалар  шығармашылығының  XVII республикалық «Жұлдызай»  фестиваліне Жамбыл облысының барлық аудандарынан өнерлі балалар әділқазы төрелігіне төрт аталым бойынша – вокал (классикалық,  халықтық  және  заманауи  эстрадалық  әндер), хореография (халық  биі,  заманауи  билер,  спорт-бал  билері), аспапта  орындау, әнді  ым-ишаратпен  орындау сияқты  өнерлерін  көрсетуге бағытталған.

Байқаудың  мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және  қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету; ерекше білім  беруге  қажеттілігі  бар  балалардың   қоғаммен  интеграциясына    ықпал  ету,   қоғам  назарын  мүгедектер   мәселелеріне  аудару, бизнес-құрылымдар,  әртүрлі  саладағы  мекемелерді  жұмылдыру     және  басқа  да  қолдау  көрсету. 

Қазақстан Республикасының  Президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы»  деп жариялады.  «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» – деп атап өтті Президент. Осы орайда мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен фестиваль-байқауын өткізу – еліміздің қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі болмақ.

«Жұлдызай» республикалық фестивалі ең алғаш 2005 жылы «Қамқор» қайырымдылық қоры бастамасымен бастау алып, бүгінде еліміздегі адамзатқа үлгі боларлық, махаббаты ұшан-теңіз, жас буынға берер тәлім-тәрбиесі мен қуанышы мол, құлашы кең фестивальға айналып отыр. Айта кетерлік жайт, пандемия кезінде де фестиваль өз жұмысын тоқтатпай, 2 жыл бойы байқауды онлайн режимде өткізді.

Он жеті жыл уақыт арасында «Жұлдызай»   фестиваліне  Жамбыл  облысы  бойынша   ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балалар  арасынан екі мың үз жүзден  астам   бала, оның ішінде  аудандардан – 904 бала,  арнайы  мектеп-интернаттардан – 1396 бала  қатысты. Астана  қаласында   үлкен  сахнада  300  бала  өз өнерлерін көрсетіп, республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында тегін демалып қайтты.

Биылғы  ХVII Республикалық  «Жұлдызай»  шығармашылық  фестивалінің  іріктеу кезеңінде  Жамбыл  облысы  бойынша 125  бала  өнер  көрсетеді.  Ғажайып отшашулар, жаңа достар, жанкүйерлер, сыйлықтарға толы өнер мерекесі әр  жұлдызайшыға   тереңде  жатқан  таланты  мен  қуат  көзінің  ашылуына,   арманына  қол  жеткізуге,  биіктен   жұлдыздай   жарқырауына   жол   ашқаны анық.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы облыстық, қалалық білім бөлімдерімен бірлесе отырып, фестивальдің идеясын жүзеге асыру мақсатында осы ауқымды іс-шараны жоғарғы деңгейде өтуіне жағдай жасап, қомақты ақшалай қаражат бөліп отыр. Атап айтсақ, 1 орынды  иеленген жеңімпаздарға – 100 000 теңге, 2 орынға – 80 000 теңге, 3 орынға – 60 000 теңгенің сертификаты табысталып,  сонымен қатар, барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдармен марапатталды.

Ерекше дарын иелері республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында демалуға жолдама алып, жеңімпаз жұлдызайшылар 1 маусым – балаларды қорғау күні қарсаңында Нұр-Сұлтан  қаласында   финалдық  гала-концертке қатысады. Фестиваль қорытындысы бойынша Жамбыл облысынан I және II орын иеленген 29 бала Нұр-Сұлтан қаласына барады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий