Ақмола облысында 2022 жылдың үздік ТжКБ ұйымы анықталды

Конкурстық комиссия «ТжКБ үздік ұйымы» облыстық конкурсының жеңімпазын анықтады. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжі» МКҚК 2022 жылдың жеңімпазы болып атанды, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Төртінші жыл қатарынан техникалық және кәсіптік білім берудің үздік ұйымын анықтау үшін облыстық конкурс өткізіледі. Ережеге сәйкес колледждер ұйымның, педагогтердің және студенттердің жетістіктері көрсетілген портфолио ұсынады. Конкурстық комиссия ұйым қызметінің сапасын, бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылды, конкурстарға, инновациялық жобаларға қатысуды, білім алушылар контингентінің сақталуын бағалайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үздік бестікке Красный Яр ауданындағы агротехникалық колледжі, Шағалалы аудандық жоғары агротехникалық колледжі, Щучинск қаласындағы жоғары техникалық колледжі, Щучинск қалалық жоғары педагогикалық колледжі кірді. Сәттілік пен алдағы уақытта жетістіктер тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий