Ақтөбедегі NIS оқушысын әлемнің тоғыз университеті оқуға шақырды

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мектебінің 12-сынып оқушысы Гульназ Аманжолова әлемнің тоғыз университетінен шақырту алды. Ол Drexel University, Simmons University, Pitzer College, Bocconi University, University of Pisa, Jacobs University, University of British Columbia, Ca Foscari University, Rollins College оқу орындарының «Экономика және іскерлік әкімшілік» мамандығына құжат тапсырған болатын, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

– Мен әлемнің 15 университетіне бакалавриат бағдарламасына құжат тапсырдым, оның 9-ына түстім. Бұл Зияткерлік мектептегі оқудың, тынғылықты дайындықтың нәтижесі. Қазір Еуропа, Азия және Канаданың бірнеше университеттерінің шешімін күтіп отырмын. Жақында армандаған университетімнен жазады деп үміттенемін, – дейді Гульназ Аманжолова.

Ақтөбе қаласындағы NIS оқушысы әлемнің үздік университеттерінен шақырту алу үшін арнайы тест тапсырмаларын тапсырды. Ол SAT Reasoning емтиханында 1430 балл жинады және IELTS орташа балы 7.5-ке тең. Қазіргі уақытта Гульназ білімін жалғастыратын орын ретінде Pitzer College таңдап отыр. Біріншіден, бұл 5С университеттерінің бірі. 5С – Калифорния штатының Кларемонт қаласында орналасқан бес оқу орны.

Оқушы бесеуінің біріне түссе, қалған төрт университетте оқуға және курстардан өтуге мүмкіндігі бар. Екіншіден, Питцер оған оқу ақысын, тұрғын үйді, тамақты және медициналық сақтандыруды қамтитын жылына 85 000 доллар қаржы ұсынуда. Гульназ айтуынша, университеттерді қабылдауына қарай төрт санатқа бөлу керек. 1 – қауіпсіз, 2 – қолайлы, 3 – түсу қиын, бірақ армандаған университет емес, 4 – арманындағы университет.

Он екінші сынып оқушысы Pitzer-ді университеттердің үшінші санатынақа жатқызады. Өйткені ол университетке түсу қиын, оқуға қабылдау ықтималдығы 14 пайызды құрайды. NIS болашақ түлегі жоғарғы оқу орындарына түспес бұрын түсу мүмкіндіктерін бағалауға кеңес береді. Университеттерді дұрыс таңдай біліп, әсіресе соңғы жылдары университеттің шетелдік студенттерге толықтай қаржы бөлетініне мән берген жөн.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий