Мектеп қабырғасында жатақхана өміріне 7-8 сынып оқушыларын бейімдеу
Жатақхана қабырғасына қабылданған 7-8 сынып оқушыларын жатақханаға бейімдеуде әр түрлі кезеңдер болады. Мәселен, бізде түрлі іс-шаралар, тренингтер жоспарға сәйкес ұйымдастырылады. Биылғы яғни, 2021-2022 оқу жылында қабылданған оқушылардың көпшілігі алыс елді мекендерден келді. Атап айтар болсақ, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген оқушылар.
Сондай-ақ жыл сайын «Жаңа Толқын» іс-шарасы дәстүрлі түрде өтіп отырады. Ондағы мақсат жаңадан келеген оқушыларымыз бір-бірімен жақын танысуға, өзара ынтымақтастыққа, ауызбіршілікке баулу. Оқушының бойына адамгершілік, мейірімділік қасиеттерді сіңіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу. Іс-шара жаңадан қабылданған 7-сынып оқушыларын жатақхана өміріне бейімдеуге өз септігін тигізеді.
Жатақхана өміріне бейімдеуде әр сенбі сайын өтетін қолөнер үйірмесі ұйымдастырылады. Осы үйірмеде оқушылар ағашта, теріден әр-түрлі бұйымдарды жасау арқылы өмірге қажетті дүниелерді үйреніп, мектеп жатақханасына бейімделуде. 7-8 сынып оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған елдің тарихын тануда ұлы Ақын Абай Құнанбайұлының әдеби мемориалдық мұражайының алатын орны ерекше.
Мектеп жатақханасының 7-сынып оқушылары қаламыздағы Абай мұражайында болып, мұражайға жасалған сапардың тигізген пайдасы мен алар үлгі-өнегесі көп екендігін. Осындай іс-шаралар арқылы оқшының бойына адалдық, бір-біріне құрмет, сыйластық, ұйымшылдық қасиеттері қалыптасады, оқушылардың көңіл күйі көтеріледі жатақхана өміріне бейімделеді.
Баланы жатақхаанға бейімдеуде бос уақытын тиімді жұмсағаны аса маңызды. Демек, оқушыны жатақханаға бейімдеуде үйірме жұмыстарының, іс-шаралардың алатын орны ерекше болады.
Олжас СУЛЕЙМЕНОВ,
Семей қаласындағы физика–математика
бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебінің жатақхана тәрбиешісі,
Шығыс Қазақстан облысы