Дене қуаты қасиетін дамыту әрекеттерін сипаттау

Тек ішкі тыныштық болғанда ғана, сіз дәл және тиімді жаттығулар орындай аласыз. Адамның денесінде, санасында белгілі бір деңгейде сақталып тұрып, ол қозғалғанда, әрекет жасағанда пайда болатын қасиеттерді дене қуаты қасиеттері дейміз. Жаттығудың аса маңызды қырларының бірі адамның қимыл-қозғалыс қабілеттері: жылдамдық, күш, төзімділік пен иілгіштіктің дамуымен болып келеді.

Сондықтан дене қуаты даярлығының мазмұнын толығырақ түсіну және қолайлылық үшін шартты түрде оны жекелеген қимыл-қозғалыс дене  қуатын жетілдіру мәселелеріне көп көңіл бөлу қабылданған. Күш қуаты сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық, ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсетуді күш дейміз. Күштің пайда болу түрлері: өз күш мүмкіншілігі статикалык кезде дене қалыбын ұстау және ақырын қозғалыс кезінде, күш жылдамдығының мүмкіншілігі тез, жылдам қозғалыста пайда болады секіру, лақтыру және тағы басқалар.

Бұл жағдайда спортшы күшіне жылдамдық қосу арқылы, жаттығуды тез орындау арқылы жоғарғы нәтижеге жетеді. Олар екі топқа бөлінеді: Сыртқы қарсылық жаттығулары. Сыртқы қарсылықтарға: әр түрлі спорт кұралдарының салмағы штанга, гирлер, гантельдер және тағы да басқа серігінің қарсы әрекеті жұптық жаттығулар, сыртқы ортаньң қарсылығы құмда, қарда, жүгірулер жатады. Өз салмағының ауырлығын басқару жаттығулары аспа темірде тартылу, еденнен итерілу, отырып тұрулар, секірулер.

Жылдамдық қуаты  дегеніміз – адамның белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте жылдам қозғалған әрекеті. Жылдамдық қуаты үш түрде пайда болады: қарапайым және күрделі қозғалыс әрекеті жылдамдығы; жалғыз қимыл жылдамдығы; қимыл жиілігі. Қимыл жиілігі жылдамдығын дамыту үшін қайталау, өзгермелі орындау, ойын, жарыс әдістері қолданылады. Адамның жұмысты ұзақ, қарқынын азайтпай орындай алу қабілетін төзімділік қуаты дейміз.

Ал төзімділікті дамытқанда ұзақ және қатты қарқында орындалатын қозғалмалы ойындар, біртіндеп ұзаратын қашықтыққа 300, 500, 700, 1000 метрге жүгіру, 2000 метрді жүгіру мен жүруді алмастыра өту. Ептілікті дамыту әдістері: қайталау, ойын, жарыс кезінде, спорттық ойындар кезінде дамиды. Иілгіштік қуаты және оны дамыту әдістемесі. Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігін иілгіштік қуаты дейміз.

Иілгіштікті дамытудың негізгі амалы созылу жаттығулары. Ол жаттығулар мынадай түрлерде орындалады: қарапайым созылу, серіппелі созылу,,дене қалпын теппе-теңдікте ұстау.Осы  әдістерді қолдануда «Өзін-өзі тану» АҮД гуманитарлық колледжінің спорт залында ,дене тәрбиесі сабағында  ҚБА 103 тобы білім алушылары гимнастика бөлімінде ең алдымен созылу жаттығуларын орындап, әрі қарай акробатикалық жаттығуларын орындайды.

Соның ішінде алға қарай домалау,жауырынға тұру ,көпірше жасау және шеңбер жасау жаттығулары арқылы иілгіштіктікті дамытамыз. Осы әдіс-тәсілдер оң нәтижесін берді. Осы жаттығуларды орындау арқылы білім алушылар сабақта түзу отыру, дене сымбатын және иілгіштік қасиеттерін дамытты. Қорытындылай келсек, дене қуаты қасиеттерін дамыта отырып өзіміздің дене сымбаттылығымызды әдемі мүсінді қалыптастырамыз.

Адамның денесін шынықтыруда, дене қуаты қасиетін жетілдіруде, адамның күш қайратын асыруда, жігерін шыңдауда, басқалармен өзара сыйластық, адамгершілік қасиеттерін өзара селбестік қатынастарын дамытуда ерекше рөл атқарады.

Гульмира Турдиевна ТУРСУНБАЕВА,
«Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы
гуманитарлық колледжіндегі дене тəрбиесі
пəнінің оқытушысы, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий