“Өлшеу және бағалау” монографиясының тұсаукесері

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында «Өлшеу және бағалау» монографиясының тұсаукесері ұйымдастырылды. Монография авторлары: Исатай Сағындықов, Бекзат Динаева және Гүлжан Убайдуллаева.
Ғылыми еңбекте педагогикалық квалиметрия тәсілінің тиімділігі, оқушылардың білімін бағалау жүйесінің ерекшеліктері, жеке тұлғаны зерттеу және дамыту жолдары жазылған. Сондай-ақ, мектептегі оқытуды өлшеудің қажеттілігі, өлшеу кезіндегі қателіктер, өлшеу құралдары мен әдіс-тәсілдері, курстағы оқыту деңгейі тақырыптары кеңінен қамтылған. Монография білім беру саласының мамандарына, педагогика саласында ғылыми-зерттеу жүргізушілерге арналған.
Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий