Ақмола облысы: “Жұлдызай” балалар шығармашылығының байқауы

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қатысуымен «Жұлдызай» облыстық балалар шығармашылығы байқауы онлайн режимінде өтті. Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау жөніндегі» орталығы, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Байқаудың мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету. Байқауға Атбасар, Ақкөл, Бұланды, Жақсы аудандарынан, және Көкшетау, Степногорск қалаларынан 44 бала қатысты.

Біріншіліктің қорытындысы бойынша бас жүлдені – Черненко Василиса Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының №1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жеңіп алды. Сонымен қатар келесі 4 номинация бойынша I, II, III жүлделі орындар жеңімпаздары анықталды – вокал, хореография, аспаптық орындау, ым тілінде ән айту.

Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, ал жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Байқаудың барлық қатысушыларына қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий