Ұстаз жетістігі шәкіртінің шыққан биігімен бағалы

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Тәуелсіз ел атанып, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы – мұғалім.

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” дегендей, ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда ұстаздың орны бөлек.Осындай ұстаздың бірі де, бірегейі тарихы бір ғасырға  жуық, тамырын тереңге жайған, Қызылорда  облысы Қармақшы  ауданы Төретам кентіндегі Темірбек Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясында ұстаздық жолда тапжылмай еңбек етіп келе жатқан ,ұлағатты ұстаз бастауыш сынып мұғалімі Құдабаева Амина Уркимбаевнаның тәрбиелеген талантты шәкірттері биік шыңдардан көрініп жатыр.  

“Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» дегендей білім ордамыздың 2020-2021 оқу жылының түлектері, «Алтын белгі» иегерлері Асылханова Арайлым Ғабитханқызы, Қуанышбаев Бақытжан Төребекұлы, республикалық пәндік олимпиада жүлдегері Жақсылық Елдос Жомартұлы, облыстық пәндік олимпиада жүлдегері Жаназаров Есдаулет Қанатович, Қуанышбаев Бақытжан Төребекұлы. Үздік аттестат иегерлері Жұмажанова Қарақат Ерболқызы, Тұрғанбаева Арайлым Жәнібекқызы.

Шәкірттердің алғашқы ұстазы Құдабаева Амина Уркимбаевнаға білім беру саласындағы шығармашылық жұмыстарымен қатар «Алтын белгі» иегерін дайындаудағы қажырлы еңбегі үшін облыстық кәсіподақ комитетінің «Біркөлік» шипажайына жолдама табысталды. Жаңашыл ұстаз шәкіртке жан – жақты білім беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жайында өмір сүруге тәрбиелеу  басты парыз  деп санаймын.

Олай болса, ертеңгі өмірдің баянды да бақытты болуын қалаған әрбір адам ұстазға құрмет көрсетуді өзінің борышы деп санаған дұрыс. Қорыта айтқанда, әр мұғалімнің алдындағы мұраты – өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әр оқушыны шығармашылық тұлғаға жетелеу. Әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау – міне бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті.

Мейрамкуль Берекетовна ТАЖИЕВА,
Темірбек Жүргенов атындағы№80
мектеп-гимназиясы директорының
бастауыш оқу-ісі жөніндегі орынбасары,
Қызылорда облысындағы Қармақшы
ауданының Төретам кенті

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий