“Болашақ” бойынша ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілді

Бұрын 213 жоғары оқу орындары ұсынылса, қазір олардың саны 236-ға жетті. Жиырма үш жетекші шетелдік техникалық университет қосылды. Тізімде Эйндховен техникалық университеті, Гамбург университеті, Лестер университеті, Пхохан ғылым және технология университеті, Дрезден техникалық университеті және тағы да басқалар бар, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
БҒМ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Болашақ» халықаралық бағдарламасын қайта бағдарлау жұмыстарын жүргізіп жатыр: кадрлар даярлауда техникалық мамандықтарға басымдық берілуде; биыл гранттардың 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінеді. Шетелдік университеттердің саны көбейіп қана қоймай, географиясы да кеңейді. 
 
Былтырдың өзінде таңдауға болатын мемлекеттер қатары төрт елмен толыққан еді: Аустрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка бар. Тізімде топ-250 халықаралық академиялық QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings рейтингтеріне енетін ЖОО және БРИКС елдерінің топ-20 ұлттық рейтингтеріне кіретін университеттер бар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий