Қостанайда республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіндегі 139 жеңімпаз марапатталды

Қостанайда мамандандырылған мектептер мен облыс орталығы мектептерінен олимпиаданың облыстық кезеңінің 139 жеңімпазы мен жүлдегерлеріне медальдер мен дипломдар табыс етілді. Тағы сексен жүлдегер өңірлерде білім бөлімдерінен өз марапаттарын алатын болады, – деп хабарлайды осы облыстағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстың дарынды балаларға арналған үш мамандандырылған мектебінің оқушылары өздерін үздік көрсетіп, 57 жүлделі орынды иеленді. Лидерлер арасында «Білім-инновация» мектеп-лицейі және Қостанай қаласындағы М. Горький атындағы гимназиясы да бар, олардың есебінде 26 жүлдегер бар. «Озат» ақпараттық технологиялар лицейі, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп, Қостанай қаласынының физика-математикалық лицейі алғашқылардың қатарында.

Үш немесе одан да көп жеңімпаз дайындаған 10 педагог алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Олардың ішінде «Білім – инновация» лицейінің жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша төрт педагогі бар. Олар: математика пәнінің мұғалімі Сейдуәлі Жұмабекұлы Дарын, информатика пәнінің мұғалімі Ғани Кенбайұлы Орынбасаров, биология пәнінің мұғалімі Серғазы Нышанбайұлы Пернебаев және химия пәнінің мұғалімі Айжан Мұхаметжанқызы Хасенова.

Педагогтердің таланты, олардың жан-тәнімен берілуі, қажырлы еңбек етуге дайындығы – олардың оқушыларының республикалық және халықаралық байқаулардағы жеңістерінің негізі. М. Горький атындағы гимназия шет тілдерін оқыту дәстүрлерімен танымал. Неміс тілі мұғалімі Любовь Семеновна Филинкова, француз тілі мұғалімі Светлана Валентиновна Шипова, ағылшын тілі мұғалімі Нина Николаевна Шандецкая бірден бірнеше жүлдегер атанды.

Облыстан тыс жерлерде «Озат» IT-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Андрей Александрович Иващенко мен Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Ботагөз Шаяхметқызы Байтасова, Қостанай қаласындағы № 23 мектебінің тарих пәні мұғалімі Марина Александровна Лениваваның есімідері танымал. Өз оқушыларының жеңістеріне көп күш пен еңбек сіңірген барлық мұғалімдерге үлкен рахмет.

Бұл жеңістер балалардың дарындылығын дамыту бойынша жүйелі жұмыстарсыз мүмкін болмас еді. Оқушылардың қабілеттерін ашуға ерекше назар аударатын ең нәтижелі командалардың 12 директоры марапатталды.   Олимпиаданың республикалық кезеңінде сексен төрт мықты жүлдегер облыс командасына кірді. Әрқайсысына сәттілік, өз күшіне сенімділік тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий