Бүлдіршіндер арасындағы мемлекеттік тілді білуге арналған байқау

«Қазақшаң қалай, балақай?» атты орыс тілінде оқытылатын 4-6 жас аралығындағы балабақша бүлдіршіндері арасындағы облыстық сырттай байқауы ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

“Іс-шара балалардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыруға, қазақ тіліндегі тілдік байлықты, ойлауды, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді”, – деп атап өтті ұйымдастырушылар. Байқауға облыстың 7 ауданы мен 2 қаласынан жалпы саны 9 балабақша қатысты. Әділ қазылар алқасының жұмысының қорытындысы бойынша байқаудың келесі нәтижелері анықталды.

Бірінші орын Бурабай ауданы, «Ақбота» бөбекжайы; II – орын Көкшетау қаласы, «Ертөстік» балабақшасы; III – орын Шортанды ауданы, «Бөбек» балабақшасы; үшінші орын Степногорск қаласы, №3 «Алпамыс» балабақшасы. Жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары, тәрбиешілерге алғыс хаттар табысталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий