“JasSkills Аqmola – 2022”: Он тоғыз оқушы чемпионат жеңімпазы

Ақмола облысында Балалар жылы аясында алғаш рет ұйымдастырылған «JasSkills Аqmola-2022» чемпионаты өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған байқауға өңірдегі 10 аудан мен үш қала және 4 облыстық мамандырылған мектеп-интернаттарынан жалпы он жеті команда, 82 қатысушы, отыз сегіз эксперт-компатриот қатысқан болатын, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қатысушылар «Робототехника», «Графикалық дизайн», «Веб дизайн және әзірлеу», «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу», «Бизнеске арналған ІТ шешімдері», «Көркем ағаш ою» құзіреттіліктері бойынша бақтарын сынады. Нәтижесінде келесі жеңімпаздар анықталды. Көркем ағаш оюдан бірінші орын Карабалин Мадияр Болашақ сарайы, 2 орын Молчанов Анатолий Біржан сал ауданы, 3 орын Жанаберген Арсен Кокшетау.

Веб дизайн және әзірлеу бойынша бірінші орын Есимов Ерасыл Кокшетау; 2 орын Құрал Мирас Болашақ сарайы; 3 орын Каһарман Нұрмұхаммед (Дарын интернат №3); Графикалық дизайн бойынша бірінші орын Пухлёнкина Арина Біржан сал; 2 орын Канапин Асет IT лицей Бурабай; 3 орын Аринова Алуа Болашак сарайы.  Компьютерлік ойындарға арналған 3Д моделдеу бойынша бірінші орын Молдахмет Мирас Болашақ сарайы; 2 орын Огродников Глеб Бурабай ауданы; 3 орын Макишев Арман Кокшетау.

Мобильді робототехника бойынша бірінші орын Төлеубай Дәурен Кокшетау; 2 орын Яковлев Эльдар, Окопович Давыд Степногорск; 3 орын Амангелдин Ерасыл, Әділбек Ілияс Астрахан. Бизнес арналған IT шешімдері бойынша бірінші орын Сабырханов Ерсултан Кокшетау; 2 орын Даулет Жарасар Болашақ сарайы; 3 орын Ербатыров Мадияр Ерейментау; 3 орын Серикова Альбина Біржан сал. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий