Саналы ұрпақ тәрбиелеу міндетіміз

Кез-келген ұлттың қай уақытта болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің бірі-саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты етіп тәрбиелеу әрқайсымыздың қоғам алдындағы зор борышы. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік білім танымдық рөлі зор.

Тәуелсіздік туы желбіреген дербес еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, отанын сүю секілді ең асыл қасиеттерді қан мен жанына сіңіруде осы ата-бабамыздың салт-дәстүр негізін ұстансақ өте ұтымды болар еді. Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрді, адамгершілігі бар асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз.

Сондықтан ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің тарихы мен болашағы да мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Бала тәрбиесінің алтын бесігі –отбасы.  Ата-ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Сондықтан ата -ана өзінің баласын еңбекқор, елінің қамқоршысы азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті.  Қорыта айтқанда бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын жастардың санасына сіңіре білу басты міндетіміз болуы қажет.

Жас ұрпақты мемлекетіміздің тәуелсіздігінберік нығайту үшін бәсекеге қабілетті білімін жұмсап, ата-бабамыз аманаттаған ұлан-ғайыр көздің қарашығындай қорғау жолында қажымас қайраты мен жасымас жігерін жұмсауға үйрету, патриоттық сезім мен адамгершілік сананы қалыптастыру – еліміздегі әрбір отбасы мен жекелеген азаматтардың басты парызы.

Елдің ертеңгі ұрпағы, киелі жердің иесі – жастар тәрбиесі баршаға ортақ мақсат. Тәрбиенің көзі – байырғы бабалардан мұраға қалған дана сөздер десек, біз сол насихаттың жүргізушісіміз. Бұған қоғам алдындағы үлкен міндет ретінде қарағанымыз жөн.

Банигуль Мажитовна СЫДЫКОВА,
№101 мектеп-гимназияның физика
пәні мұғалімі, Алматы қаласы, Жетысу ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий