Кәсіби өсу ісін үйлестірудің маңызы

Ғылым мен техника дамыған жаңа дәуірдің талаптарына сай бәcекеге қабілетті бoлу жoлында жаc ұрпаққа жан-жақты білім қажет. Сапалы білімге кепіл болатын төмендегі қағидаттар екені анық: білім алушының ынта-ықыласы, білім алуға құштарлық ниеті мен білікті ұстаз және қалыптасқан материалдық-техникалық база.

Уақыт көші алға жылжыған cайын жаc ұрпаққа cапалы білім мен cаналы тәрбие берудің маңызы арта түcетіні анық. Білім сапасын арттырудың жолдары жетіп артылады. Солардың ең бастысы ретінде білім берудің жаңа технологияларын сабақта ұтымды, орнымен қолдана білу аталатындығы белгілі. Жаңа технология жеке тұлғаны жетілдіруге, әр сабақтағы мақсатқа қол жеткізу бағытында қолданылатын әдіс-тәсілдер жиынтығы деуге болады.

Мұғалімдердің кәсіби өсуі, біліктілігін арттыруы аясында түрлі әдістемелік жұмыстардың жүргізіле бастағанын айрықша атап айтқанымыз абзал. Білім алушыларға сапалы білім беру ісінде ұстаздардың кәсіби өсуі, оқытушылардың біліктіліктерін арттыру мәселесі айрықша маңызға ие. Өйткені бәсекеге қабілетті, жан-жақты тұлға болу, әсіресе, ұстаздарға тән қасиет.

Мұғалімнің функционалдық құзыреттілігін арттыру оның жұмысының тікелей адам тәрбиесіне қатысты болуына да байланысты. Біздің арнаулы оқу орнының ұжымы да білім сапасын арттыру жолындағы жауапты жұмыстарды жүйелі жүргізуде. «Техникалық және кәсіптік білім беруде жоғары білікті, еңбек нарығы мен бәсекеге қабілетті, мамандар даярлауда.

Және білім мазмұнын жаңарту» миссиясы мен «Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау саласындағы сапалы білім беру қызметін қамтамасыз ету үшін өз бетімен білімін көтеруге және дамытуға дайын тұлға дайындау» тәрізді мақсаттар жүзеге асырылуда. Жаңаша жабдықталған зертхана, шеберхана, оқу кабинеттері өз мақсатына сай қолданылып, студенттердің теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруына мол мүмкіндіктер туғызып отыр.

Материалдық және техникалық базаны жетілдірумен қатар, оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесіне де баса назар аударылады. Қазіргі таңда кітапхана қоры толықтырылуда. Сондай-ақ, әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыста жұмыс атқару студенттер білімінің шыңдала түсуіне өз үлесін қосып, нәтижесін көрсетіп келеді. Биылғы оқу жылында білім алушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында PISA  халықаралық зерттеуіне дайындық жүргізілді.

Бұл көрсеткіштердің нәтижесі білім сапасын жетілдіру мен оған қажетті оқу-әдістемелік жұмыс сапасын әлі де болса жетілдіруді қажет ететіндігін айқындайды. Студенттердің білім сапасын арттыру жолындағы әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда төмендегі бағыттар басшылыққа алынып келеді.

Колледж  оқытушыларының  біліктілігін көтеру жүйесі, педагогтік шеберлікті, кәсіптік деңгейін жоғарлатуға бағытталған және педагогтердің шығармашылық потенциалын көтеруді көздейді; колледждің әдістемелік қызметін жетілдіру, педагогтердің кәсіптік дамуын қолдау; озық тәжірибені оқып үйрену, тарату.

Сағадат Бейсенғалиевна КОБЕНБЕКОВА,
Қапал кәсіптік-техникалық колледжінің
әдіскері, Алматы облысындағы Ақсу
ауданының Қапал ауылы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий