Мұқағали Мақатаев: республикалық оқулардың қорытындысы
Алматы облыстық білім басқармасына қарасты «Жетісу дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығының үйлестіруімен жалпы білім беру мекемелерінің 7-11 сынып оқушылары арасында Жетісу өңіріндегі Райымбек ауданындық Қарасаз ауылында республикалық Мұқағали Мақатаев оқулары ұйымдастырылған болатын, – деп хабарлайды Павлодар облысындағы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының басшылығы.

Республика көлемінде өткізілген шараға 57 оқушы қатысты, соның ішінде, Павлодар өңірінен облыстық кезеңнің 3 жеңімпазы. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» – М. Мақатаев өлеңдерін жатқа оқу бағытында Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар гимназиясының 8-сынып оқушысы Рамазанқызы Мерей ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Загрузка...«Жыр эстафетасы» – ақын поэмаларын жатқа оқу бағытында Екібастұз қаласы Атығай жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Амангелдіқызы Аяулым және «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» жас ақындар мүшәйрасында Екібастұз қаласы С. Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінің 11 сынып оқушысы Қайдаров Бексұлтан Алғыс хаттарға ие болды.