Кәсіподақ түсіндіреді: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы

Азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде туындайтын денсаулықты қорғауға конституциялық құқығы ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңымен (бұдан әрі – Заң) реттеледі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке өздері үшін қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға жарналар төлеуден босатылған адамдардың құқығы бар.

Аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеген жағдайда адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті осындай аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш ай- дан артық алмайды. Бұл құқық адамдарды төленбеген кезең үшін қорға жарналар төлеу міндетінен босатпайды. Жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш ай өткеннен кейін төленетін жарналар сомалары төленбеген кезең есе- біне есепке жатқызылуға жатады. Жарна төлеушілер болып табылады: 1) мемлекет;

2) әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, қызметкерлер, оның ішінде мемлекеттік және аза- маттық қызметшілер; 3) жеке кәсіпкерлер; 4) жеке практикамен айналысатын адамдар; 5) ҚР заңнамасына сәйкес салық агентімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар; 6) жарналарды өз бетінше төлейтін тұлғалар, оның ішінде ҚР аумағынан тыс кеткен ҚР азаматтары; 7) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар.

ҚР аумағында тұрақты тұратын адамдарды және оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жарналарды төлеушілер болып табылмайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке кіреді: 1) амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған ме- дициналық көмек; 2) стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда); сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі стационар қызметтері.

3) стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек; 4) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және аурулар тізбесі бойынша медициналық оңалту; 5) амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялықанатомиялық диагностика; 6) уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша және тәртіппен қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.

7) қызмет көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммун- дық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету Шұғыл және жоспарлы сто- матологиялық көмекке жататын халықтың жекелеген санаттарының тізбесі: – 18 жасқа дейінгі балалар; – Жүкті әйелдер; – Ұлы Отан соғысының ардагерлері; – 1, 2, 3 топтағы мүгедектер; – «Алтын алқа», «Күміс ал- қа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар; – Атаулы әлеуметтік көмек алушылар.

Жасы бойынша зейнеткерлер; – Инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулармен және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар; – Мүгедек баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс іс- темейтін адамдар; – Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұ- мыс істемейтін адамдар. Медициналық ұйымның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшарты болған жағдайда ғана сақтандыру қаражатынан толық өтеледі.

Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіподағының
баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий