Құнды кітап оқу арқылы жасөспірім, жеткіншек балалардың адамгершілік қасиеттерін дамыту

«Өзін-өзі тану» АҮД гуманитарлық колледжінің  білім алушылары  2022 жылғы 9 наурызда ҚР-ның Ұлттық кітапханасында отандық және әлемдік әдебиеттерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған  «Құнды кітап  – халық қазынасы»  тақырыбы аясында экскурсия жасады. Экскурсия  барысында білім алушылар Қытай, Пәкістан, Түрік, Орыс ұлттарының арнайы жасақталған кітап бұрыштарымен танысып, көркем әдебиеттерді талдап, көрнекті ақын-жазушыларымыздың  шығармаларын  оқыды.

Ұлттық кітапханада  колледж білім алушылары «Қазақстандағы балалар жылы» және  «Оқитын ұлт»  жобасын жүзеге асыру аясында жастардың кітап оқу белсенділігін арттырып қана қоймай, оларды шетелдік әлем әдебиеттерімен таныстыру мақсатында «Кітапқа құмар жастар» тақырыбында апталық ұйымдастырды. Экскурсия қатысушыларына жетекші болып барған колледжіміздің ұстазы  Кенесова Сания Сагатовна  жас  оқырмандармен бірге  кітап  бұрыштары, оқу залдары және шетелдік елшіліктердегі ынтымақтастық тақырыбы төңірегінде талдау жасады.

Шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сананы қалыптастыруға және дамытуға ықпал ету, отанға деген сүйіспеншілікті ояту, білім алушыларды  кітап оқуға ынталандыру және әлем әдебиеті шығармаларын өз бетінше оқуға қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту. Кеште әлем әдебиеті қызметінің жетекшілері кітап оқудың тәрбиелік мәнімен маңызы туралы сөз өрбітті.

Қытай мәдениеті мен әдебиеті залының кітапханашысы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Қатысушылар арасында әлем және қытай балалар әдебиетімен танысу мақсатына ​​арналған сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Жас оқырмандар аталған сұрақ-жауапта белсенділік танытты. Колледж студенттері: Шыңғысова Алтынгүл мен Шайкулова Лидияның орындауында  оқу, білім тақырыбында мәнерлеп өлең оқыды.

Сонымен қатар ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан қытай әдебиеттері мен Қазақстандық жазушылардың қытай тіліндегі аудармалары ұсынылған «Қытай балалар әдебиеті» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар бүгінгі танымдық экскурсияға белсене қатысып, әдебиетке деген қызығушылығын танытып, берілген сұрақтарға тапқырлық, ұшқыр ойлары арқылы жауап беріп, білімді, ақылды екендіктерін көрсетті.

Белсене қатысқан білім алушылар: Қордабаева Сымбат, Турдигалиева  Аружан, Серік Інжу, Болат Айдана. Білім алушылар экскурсиядан керемет көңіл-күйге бөленіп қайтты. Экскурсия соңында ҚР-ның Әнұраны айтылып, колледжіміздің оқуда озат, өнерде дара, қоғамда белсенді білім алушыларына өз аты-жөндеріне жазылған оқырман билеттері табысталды. 

Сания Сагатовна КЕНЕСОВА,
АҮД гуманитарлық колледжінің
кәсіби практика оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий