Бала тәрбиесіндегі ойынның маңызы

“Бала ойында қандай болса – өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады” – депті А.С.Макаренко. Баланың өсуіне, болашағына, қоршаған ортадағы көз қарасының дамуына, өз ойын толық жеткізе білуіне, ойынның алатын орны ерекше. «Бөбек» оқу-сауықтыру кешенінде еліміздің барлық аймағынан  балалар келіп, өз денсаулықтарын жақсартып, демалып, көптеген достар тауып қайтады.

Мен өз сабақтарымда ойынның мынадай түрлерін қолданамын: квест ойындары, дидактикалық ойындар, топтық ойындар, ұлттық ойындар, спорттық ойындар. Бұл ойын түрлері  баланың көңіл-күйін анықтап, еркін  бір- бірімен пікір алмасуға, өз ойларын білдіріп, жағымды мінез- құлықтарын қалыптастырады. Баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп.

Соның ішінде ойын-сабақ, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық және ұлттық ойындар. Сонымен қатар жаңылтпаш, мақал-мәтел, жұмбақтарды жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы жан-жақты дамытып, толық тәрбиелеуге және баланың  тілін,  ақыл ойын дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға  көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.

Балаларға ойнататын ойынды таңдап алудың елеулі маңызы бар. Оған күнбе-күн басшылық жасай отырып,  әрбір баланы зерттеймін, балалар бірлестіктері қалыптаса бастаған кезде ойын коллективтерін ашамын. Бұл топтанудың пайдалы немесе зиянды екенін бағалауға, балаларға, белгілі дәрежеде ықпал жасау қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндігі болады. Ойын әрекетінің ең негізгі түрлерінің бірі дидактикалық ойын.

Бала жеке және белсенді әрекеттер арқылы адамгершілікке және әсершілдікке бейімделіп өзара қарым – қатынас жасайды. Ойын арқылы балаларға тәрбие беріп, оқуға қызықтырып, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырамыз. Мысалы, сюжетті рөлді ойындар ойнату арқылы балалардың дербес әрекеті, өнерпаздық және шығармашылық қасиеттері ашылады. Дидактикалық ойынын ойнату барысында балалардың білімді қаншалықты игергенін байқап, жетістіктерін көруімізге.

Бұл ойынды ойнату арқылы назарларын, зейіндерін байқауға жақсы. Үстел үсті ойындарын лото, домино, тақырыптық ойындар («Қайда не өседі?», «Бұл кімге?») пазылдар, леголар, қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар («Ұшатын қақпақтар», «Қаздың балапаны», «Нысанға тигіз») мозайка ойындарын ойнатқанда  ойын қызықты келеді. Қимыл ойындары барысында балалар жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алуға машықтану және  дене мүшелерінің қалыптасуына  үлкен әсер етеді. Қорыта айтқанда,  ойын- баланың қазіргі қоғамға қалыптасуына, болашақ маман, қайраткер азамат болуына зор ықпал етеді.

Айман Шайзадакызы КУДАЙБЕРГЕНОВА,
«Бөбек» ҰҒППБСО «Өзін-өзі тану»

оқу-сауықтыру кешенінің тәрбиешісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий