Жетісудағы үздік дене шынықтыру мұғалімі

Жетісулық ғылыми-тәжірибелік орталығының үйлестіруімен Талдықорған қаласының оқушылар сарайы мен № 19 орта мектеп гимназиясы және № 28 IT мектеп лицейінің базаларында жалпы білім беру мекемелерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында «Үздік дене шынықтыру 2022» аймақтың байқау ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қорытынды сынақтардың нәтижесінде жүлделі бірінші орынды Іле ауданының дене шынықтыру пәні мұғалімі А. Мергенбаев иеленіп, 150 000 мың теңге сыйақымен марапатталды. Бұл байқауға бір облыстық мекеме мен 16 ауданы және екі қаладағы мектептердің 19 мұғалімі қатысып, бақ сынаған еді.

Негізгі ұстаным білім беру мазмұнын жаңарту бойынша кәсіби және шығармашылық қызметті дамытуға, білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа технологияларды қолдауға, дене шынықтыру пәніне маманданған педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған. Бұл білім мен білік бәсекесі дене шынықтыру мұғалімдерінің шығармашылық бастамаларын қолдау, кәсіби өсуге ықпал ету, осы кәсіптің мұғалім еңбегінің беделін арттыруды көздейтіндігімен бағалы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий