Өскелең ұрпаққа ұлттық дәстүр мен халықтық ғұрыпты дәріптеудің маңызы

Байзақ ауданының Ақшолақ ауылындағы орта мектепте “Дәстүр мен ғұрып” жобасы аясында 10 сынып оқушыларына сынып жетекшісі А.Унгарованың ұйымдастыруымен «Қазақ отбасындағы ұлттық тәрбиенің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Оқушылар “Миға шабуыл, ойлан, жұптас, бөліс” әдістерін пайдаланып, тіл, дін, салт-дәстүр, тарих тақырыптарында постер қорғады. Ал ата-аналарға ситуациялық сұрақтар қойылып, тапсырманы керемет орындап шықты. Осы жаңа жобаның аясында ата-аналар комитетінің төрайымы П. Молдахова 8-9-10 сыныптің қыздары арасында “Ана көрген тон пішер” тақырыбында шеберлік сағатын өткізіп, отбасында қыз балаларға берілетін ұлттық құндылықтардың мәні мен мағынасын түсіндірді.

Айтылар ақыл мен кеңеске қоса тағылымдық тәрбиені слайд арқылы көрсету арқылы бойжеткендердің бойына салт пен дәстүр, әдет пен әдепті сіңірудегі аналардың үлгісі аса қажеттілігіне тоқтлды. Үшінші “а” сынып оқушылары қатысқан арнайы басқосу барысында бастауыш сынып мұғалімі Г. Бекболатова жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеудегі әжесі мен немересі арасында байланысты берік бекемдеуге бағытталған арнайы сайыс ұйымдастырып, үздік танылған ақжаулықты әзиз жандарға “Дана әже”,” Өнерлі әже “,” Шебер әже” аталымдары табысталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий