Елордадағы зияткерлік мектеп түлегінің студент ретіндегі жетістіктері жоғары

Елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп түлегі Ануар Акчурин Florida Institute of Technology тарихында алғаш рет жыл студенті болып танылды. Университеттің 6500 мыңнан астам студентінің ішінен «mechanical engineer» мамандығы бойынша 4-курста оқып жүрген Ануардың жетістіктері көпшілік алдында мойындалды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Мелборн қаласында (АҚШ) үздіктерді марапаттау рәсімі ұйымдастырылып, оқудағы жоғары нәтижелері мен белсенді қоғамдық ұстанымы үшін Ануар Акчуринге жыл студентінің атаулы дипломы табысталды. Ануар Акчурин елордадағы Зияткерлік мектепті 2018 жылы бітірді. Ануардың отбасы, достары, сыныптастары оның академиялық жетістіктерімен қатар спорттығы жеңісін мақтан етеді, ол – халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

2021 жылы ол каноэде ескек есуден АҚШ чемпионы атанды. 1000, 500 және 200 метр қашықтықта республиканың бірнеше дүркін жүлдегері (2017-2019 жылдар). 2016 жылғы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Азия кубогының чемпионы. 2018 жылы Словакияның Пиштань қаласындағы Халықаралық Регатта 200 метр қашықтықта бірінші орын алды.

Болгарияда (София қ.) 200 метр қашықтықта жастар арасында 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Өзбкестанның Самарқанд қаласында 500, 200 метр қашықтықта 2018 жылғы Азияның екі дүркін чемпионы. 2021 жылғы АҚШ чемпионатының жеңімпазы (Оклахома Сити қ.) – 200 метр қашықтықта бірінші орын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий