Болашақ бүгіннен басталады

Жергілікті ғылыми – тәжірибелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру және кәсіби бағдар беру бөлімінің жоспарына сәйкес өткізілген кәсіби бағдар беру жұмысы мектеп түлектерінің медицина саласындағы қызығушылықтарына бағытталды, – деп хабарлайды Ақтөбе облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

“Болашақ бүгіннен басталады!” тақырыбындағы іс-шара Кеңес Одағының Батыры Маншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің базасында облыс орталығындағы №62, №42, №22 жалпы білім беретін орта мектептерінің 9-11 сынып түлектерінің қатысуымен ұйымдастырылған болатын.

Биылғы бітіруші жастарға арнайы экскурсия жүргізілуі барысында стомотология, хирургия, мейірбике ісі, акушерлік пен гинекология, фармацевтика бағыттары бойынша толық ақпарат беріліп, медицина мамандықтарының қыр-сыры айтылды. Сондай-ақ, тәжірибе жүзінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді, қан тамырына, бұлшық етке шаншу салу әдісін, қан құрамын талдауды, науқасты алғашқы диагностикадан өткізуді үйретіп, оқушылардың мамандыққа икемділіктері анықталды.

Мектеп түлектерінің осы саладағы түрлі мамандықтар бойынша сұрақтарына жауап беріліп, арнаулы және жоғары оқу орындарына құжат тапсыру мен абитуриенттерді қабылдау шарттарындағы соңғы жаңалықтар да түсіндірілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий