Республикалық жасөспірімдер олимпиадасындағы облыстық кезең жеңімпаздары
Бурабай ауданы, Щучинск қаласы Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Жоғары педагогикалық колледж базасында 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының екінші (облыстық) кезеңі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы өңірдегі салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және резерв құру. Олимпиада математика, физика, химия, биология және информатика бір турда өткізілді.
Олимпиада барысында барлық пәндер бойынша оқу кабинеттерінде камера орнатылды, емтихан курсы YouTube-арнасында ZOOM платформасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Ашықтық пен академиялық адалдықты сақтау үшін байқаушылар ретінде олимпиадаға қызығушылығы жоқ «үшінші тұлғалар» шақырылды: «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкері, ата-аналар комитеттерінің өкілдері, ғалымдар мен колледж оқытушылары.
Олимпиада үш кезеңнен тұрады: 2022 жылғы 5 сәуір – 2163 ақмолалық оқушы аудандық (қалалық) кезеңге қатысты; 2022 жылғы 13 сәуір Щучинск қаласында – 155 оқушы облыстық кезеңге (аудандық (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары) қатысты.
Загрузка...Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша I-орынға ие болған – 8 оқушы, ІІ-орынға ие болған – 9 оқушы, III-орынға ие болған – 11 оқушы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Екі қатысушы грамотамен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!