Шымкентте Мұхтар Әуезовтің 125-жылдығына арналған халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференция ұйымдастырылды

Бүгін, 21 сәуір 2022 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде М.О.Әуезовтің 125-жылдығына арналған “ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ-20: Мұхтар Әуезов мұрасы – ұлт қазынасы” атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ашылды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Іс шараны ашқан оқу орнының Басқарма Төрағасы – Ректор Д.П.Қожамжарова қатысушыларды құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Өз лебіздерін онлайн және оффлайн режимде М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі – Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы; жазушы, мұхтартанушы, алаштанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай; филология ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, абайтанушы  және мұхтартаншы  – Мекемтас Мырзахметұлы және ұлы жазушының ұрпағы, филология ғылымдарының кандидаты, Мұхтар Әуезов мемориалдық мұражай-үйінің директоры Диар Асқарұлы Қонаев өз тілектерін білдірді.

Конференцияға шет елдік ғалымдар да қатысып, Женгиз Томар – Қ.А.Ясауи атындағы  Халықаралық қазақ-түрік университеті ректорының өкілі, Ахунбаев Адил – Ферғана политехникалық институтының «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы баяндама жасады.    

Конференция жұмысы жалғасып,  М.Әуезов атындағы ӘӨИ “Қолжазба және фольклортану” ғылыми-инновациялық орталығының директоры, филология ғ.к., профессор Төрәлі Еділбайұлы,  филология ғ.к., профессор, Халықаралық Тұран академиясының академигі, халықтар Достығы орденінің иегері, мәдениет саласына еңбегі сіңген қайраткер  Сейданов Қалдыбек  баяндама жасады.

Сонымен қатар конференцияда “Мұхтартану” ҒО аға ғылыми қызметкері, фил.ғ.к.,. доцент  Ақжол Қалшабек «М.Әуезовтің Оңтүстікке сапары» тақырыбында, PhD, «Әлем тілдері» кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушысы М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті – Исабекова Гулнур «М. Әуезов мұраларындағы  гуманистік идеяның сипаты» тақырыбында,  Шымкент қалалық  «Дарын» орталығының директоры Джеренова Раушан  – «Мұхтар Әуезов туындылары қазақ жастарының мәңгілік мұрасы» тақырыбында және Қазақстан Республикасы суретшілер  және кинематографистер одағының мүшесі Ходжикова Сауле “О произведениях  Мухтара Ауэзова  в киноискусстве Кулахмеда Ходжикова” тақырыбында баяндама жасады.

Конференция барысында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Мұхтартану ғылыми орталығының ғалымдары дайындаған «М.Әуезовтің Оңтүстікке сапары» атты кітабының сонымен қатар М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғалымдары дайындаған 3 томдық «Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы», 5 томдық «Ғашықтық жырлары» және 2 томдық «Ұлы даланың көне сарындары» кітаптарының да тұсаукесері өтті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий