Топтық жұмысты ұтымды ұйымдастырудың тиімді тәсілдері

Аудандық  білім бөлімінің  басшысы К.Акмурзаева  және  әдіскер А. Смагулованың үйлестіруімен қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы  пәндердің педагог – зерттеуші  мұғалімдері  2021-2022 оқу жылына арналған кәсіби тәжірибе алмасу және әдістемелік жоспары бойынша  «Сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру және оның тиімді әдіс – тәсілдері» тақырыбындағы бірлескен арнайы жүздесу ұйымдастырылды.

Тәжірибелі ұстаздардың  шеберлік сағаттар, семинар – коучинг, конференция және “Дөңгелек үстел” түрінде  өткізген  онлайн және офлайн форматтағы тәжірибе бөлісулері аудандық әріптестерінің қызығушылығын арттыруда түрткі  болып,  жоғары деңгейде  ұйымдастырылды.

Бұл іс – шараның нәтижелі болуы барысында мектеп басшылығына жоғары деңгейдегі педагог – зерттеуші мұғалімдер Утелова М.Т., Чабан С.А., Нургожаева Г.А., Дюсекова  М.Ж., Шнарбекова С.А. жан-жақты қолдау көрсетіп, білімдері мен біліктілік әлеуеттерін ортақ мақсатта жұмылдыра білді.

Шеберлік сағатқа біз орналасқан аудандағы білім ордаларынан жалпы саны 65 мұғалім қатысты. Шеберлік сағаттың  мақсатында сабақтағы топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушының сабаққа деген белсенділігін, құштарлығын арттыру, жеке тұлғаны жан – жақты тәрбиелеу, үздік әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды оқыту үдерісінде қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, біліктілігін арттыру көзделген болатын. Аудандық педагог – зерттеушілердің басын қосқан бұл шара мұғалім тәжірибесіне қажетті  әдістемелік көмек болғандығы анық.  

  

Асем Сайлаубековна  СЕЙТОВА,
№ 82 жалпы білім беретін
мектептің директоры,
Мухаббат Бегимхановна ШЕРИМОВА,
оқу ici жөніндегі орынбасар,
Алматы қаласының Алатау ауданы

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий