Бірегей басқосудың байыбы
Биылғы наурыз айының ортасында елордамызда еліміздің мектептеріндегі бастауыш сынып мұғалімдерінің «Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның бастауы» тақырыбында тұңғыш съезі ұйымдастырылғаны барша әріптестерімізге белгілі.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы үйлестірген алқалы жиынға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, еліміздің барлық өңірінен келген әдіскерлер мен бастауыш сынып мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен біліктілікті арттыру институттарының мамандары, сонымен қатар, еліміздің мектептерінің бастауыш сынып педагогтері қатысты.
Съезде бастауыш сыныпта оқытылатын пәндер бойынша білім мазмұнын жаңарту, бастауыш тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту, білім алушылардың оқу жетістігін бағалау, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуетін арттыру сынды өзекті мәселелер талқыланды. Съезд үш кезеңге бөлінді: секция жұмыстары, фасилитация және пленарлық отырыс. Панельдік секциялар жұмысы бірнеше тақырыптар бойынша ұйымдастырылды.

“Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіру”; “Бастауыш білім берудің әдістемелік жүйесі”; “Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау”; -“Бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуетін арттыру”. Жиын соңында салалық ведомстваның жетекшісі басқосу аясында айтылған барлық мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданып, сол бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеген болатын.
Бағила ЕРМЕКОВА,
Шымкент қалалық білім бөлімінің әдіскері
Загрузка...