Ақын қатысқан әдеби – интелектуалды ашық сабақ

Алматы қалалық білім басқармасына қарасты №19 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жетібай Рақымберді Қажығалиұлының 6 «Ә», 6 «Б» сыныптарында «Тәуелсіздік – бәрінен үстем» тақырыбында интелектуалды ашық сабақ ұйымдастырылды.

Басқосуға қонақ ретінде ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Жиырманың жалыны», «Түнгі лирика», «Айды қонақ қылу», «Жаратылыснама» кітаптарының авторы Мұратхан Шоқан қатысты. Сабақ барысында «Тәуелсіздік – бәрінен үстем» тақырыбы аясында жұптық, топтық жұмыстар жүргізілді.

Оқушылардың интелект деңгейін көтеру мақсатында ақынның мұғалім рөлінде сабақ беру үрдісі кіріктірілді. Түрлі деңгейдегі сұрақтар қойлып, қызықты ақпараттар берілді. Ақын сабақ арасында өлең оқыды. Оқушылар үй тапсырмасы ретінде берілген ақын өлеңдерін оқып, ақынға сұрақтар қойды.

Сабақ соңында ақын Мұратхан Шоқан белсенді қатысқан оқушыларға өз қолтаңбасымен кітап тарту етті. Бұл осы орта білім беру ұйымында алғашқы өткізіліп отырған әдеби-интелектуалды ашық сабақ. Алдағы уақытта мұндай сабақтар өз жалғасын табады.

Шыңғыс Мұхтарұлы ӘБДІМАНАП,
№19 жалпы білім беретін мектеп
директорының ғылыми жұмыстар
жөніндегі орынбасары