Philips компаниясы қазақстандық ғалымға серіктестікті ұсынды
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының ғылыми қызметкері Өркен Мамырбаев қазақ тілінде сөйлеуді тану жүйесін ойлап тапты. «Kazak ASR» зияткерлік жүйесі Telegram әлеуметтік желісінде чат-бот ретінде қазірдің өзінде жұмыс істейді, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі.

Жүйе дауыстық сигналдарды танып, оларды мәтінге айналдырады. Қазіргі уақытта Philips өнімдеріне қазақ тілінде сөйлеуді тану технологиясын енгізу әзірленіп жатыр. Ынтымақтастық аясында қазақстандық нарыққа сөйлеуді тану мүмкіндігі бар Philips Smart Mike Duo микрофоны ұсынылады, ол сөзді автоматты түрде баспа мәтініне түрлендіреді. «Мұндай микрофон ақпаратты мәтін түрінде сақтау қажет болуы мүмкін жиналыстар кезінде хаттамалар толтыру үшін пайдалы», – деп толықтырды ғалым.