Қазақша кітаптар көбейді

Балаларды кітап оқуға баулу үшін еліміздегі балабақшаларда, мектептерде, колледждер мен университеттерде барлық қажетті жағдайды жасау маңызды. 2020 жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске қостық, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ұсынған ресми ақпаратында. 
Жоба аясында мектеп кітапханалары көркем әдебиетпен қамтамасыз етіледі, жөндеуден өтіп, қажетті материалдармен жабдықталады, сондай-ақ кітапханалардың жұмысы қайта форматталады. Оқу жылы басталғалы мектеп кітапханалары 2 миллион көркем әдебиетпен толықты. Одан бөлек, кітапханаларда коворкинг орталықтар құрылып жатыр. Бүгінгі таңда олардың саны бес жүзге жуық.
Мектеп оқушыларының күнделікті 20 минуттық кітап оқу енгізіліп жатыр. Қазақстандық университеттер мен колледждер де кітапханаларын автоматтандырып, қайта жабдықтау жұмыстарын жүргізіп келеді. Жаңа көркем әдебиеттер сатып алынып, студенттерге кітап іздеп, оқуға ыңғайлы жүйелер енгізіліп жатыр. Одан бөлек, электронды кітапханалар одан сайын қолжетімді болып, студенттерге арналған коворкинг орталықтар мен демалыс орындары ашылып жатыр.
Әрине, кітапты цифрландыруға және жайлы оқу залдарын ашуға қанша қаржы жұмсалса да, ең бастысы – балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту. Оны жеке тәжірибемнен де білемін. Балалармен кітап көрмелері мен дүкендерге, әдеби кештерге барып тұру маңызды. Осыған дейін бала кезімнен ғылыми фантастиканы жақсы көретінімді айтқан едім. Айзек Азимов, Рэй Брэдбери, ағайынды Стругацкийлердің шығармаларына деген қызығушылығым кейін ғылыми әдебиетке деген үлкен қызығушылыққа айналды.
Шамамен бір айдан кейін оқушыларымыз каникулға шығады. Барлық ата-анадан балаларын кітап оқуға баулуды сұраймын. Ал балаларымыз кітап пен телефон арасындағы тепе-теңдікті ұмытпайды деп үміттенемін. Кітаптың электронды нұсқасын оқыған да жақсы. Кітап қашанда балаларды тәрбиелеудің, эмоционалды ақыл-ойын, сыни ойлауын, қиялын дамыту, сонымен қатар оның сөздік қорын толықтыру, ақылды және сауатты болуының үздік әдіс болып қала береді.
Сәуір айының 20-ы күні елордамызда өтіп жатқан кітап көрмесіне бардым. Қазақ тіліндегі кітаптар саны көбейгені қуантады. Әсіресе балалар үшін өте қызықты, заманауи сұранысқа ие кітаптар саны артып келеді. 
Бұл жоба шеңберінде мектеп кітапханаларына әдеби кітаптар сатып алынды, сондай-ақ кітапханалар жөндеуден өтіп, оның жұмыс форматы өзгертіліп жатыр. Мен әр мектепке барғанда дәл осы жобаның іске асырылуына ерекше көңіл бөлемін. Барлық мектеп пен колледжде бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі керек.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий