Жеңіл өнеркәсіптегі – жаңа технология
Жеңіл өнеркәсіп халық тұтынатын тауарларды өндіретін (маталар, аяқ-киімдер, трикотаж, киім-кешек) сала. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы дамыту өнеркәсіп салаларын дамытудан басталады. Олардың бірі-тігін өндірісі. Тігін өнеркәсібі – киім және тағы басқа киім бұйымдарын өндіретін тұрмыстық және техникалық қолданыстағы маталар, трикотаж жаймалары, табиғи және жасанды былғары мен елтері, әр түрлі фурнитуралар мен әрлеуші бұйымдар өндіретін жеңіл өнеркәсіп саласы.
Тігін өнеркәсібі саласының кәсіпорындары халық шаруашылығының өзге салалары үшін арнайы қолданыстағы бұйым (арнайы киім, ведомстволық киім) шығаруды қамтамасыз етеді. Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты – тұрғындардың сәнді, ең бастысы тиімді – жоғары сапалы киіммен қамтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базаларын негізінен мақта, жүн, табиғи былғары құрайды.
Дегенмен бұл мемлекеттік маңызы зор саланың нарықтық қатынасқа көшкелі бері бұрыннан бар даму деңгейін жоғалтып алғандықтан жұртымыз сырттан келетін шет елдік қымбат бағалы бұйымдарға тәуелді болғанын білеміз. Алдағы уақытта осы салаға тың серпін беру үшін отандық жоғары оқу орындары кәсіби мамандарды жаңа технологияның негізінде қайта дайындауға кіріскендерін көрудеміз.
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялануы кафедрасы бар. – Кафедра 2008 жылы құрылды және алты ғылым кандидаты, 4 PhD докторы, он екі аға оқытушы мен оқытушы жұмыс істейді. Бізде бакалавриатта оқитын студенттерге екі бағдарлама бойынша арнайы білім беріледі. Оқу үдерісі жаңа технологиялардың жетістігімен ұштастырылған.
Болашақ мамандардың заманауи құрал жабдықтардың көмегімен әрбір бұйымның құрастырылуын жете бағамдаған соң толық орындап шығуына толық мүмкіндіктері бар. Басты мақсат – олардың ертең кез-келген жұмыс орнына кәсіби деңгейін көрсетуге барған кезінде тапсырылған міндетті оңай атқару үшін жоғары оқу орнының қабырғасында машықтануына жағдай жасау, – дейді кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Тазакул Сулейменова.
Нұрлан САБЫРБАЙТЕГІ
Загрузка...