Үкімет басшысының тапсырмалары

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов және ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ғани Бейсембаев облысқа жұмыс сапары барысында жуырда ғана пайдалануға берілген №18 мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің жұмысымен танысып, жергілікті білім саласының даму жоспарына назар аударды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Өңір жетекшісінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтің баяндауы бойынша аймақта 376 мектеп бар. 198 мектеп – 1980 жылға дейін салынған білім ұйымдары. Олардың 48-і – саманнан салынған, яғни апатты жағдай алдында тұр. Соңғы екі жылда 4 жаңа мектеп, бір мектепке жапсарлас құрылыс салынып, жиырма сегіз білім ордасына күрделі жөндеу жасалды және 2 жеке мектеп ашылған.

Төрт мектептің пайдалануға берілуі нәтижесінде үш ауысымдағы 2 мектеп, төрт апатты мектеп жойылды. Үш ауысымды және апатты мектептерді жою мақсатында қазіргі уақытта 8 мектептің құрылысы жүргізілуде. Олардың алтауы – мемлекеттік бюджет, екеуі – жеке инвестиция есебінен салынуда. Жыл соңына дейін бұл мектептердің құрылысын аяқтаудың мүмкіндіктері қарастырылуда.

– Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін еліміз бойынша 1000 мектеп ашу тапсырмасына сәйкес облыста жетпіс жеті білім шаңырағының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Олардың алтауы биыл аяқталады. Сондай-ақ шағын жинақты 16 мектеп «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясының әлеуметтік-инвестициясы есебінен салынады.

Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда. Олардың сегізінің құрылысы биыл аяқталады. Келер жылы 19 шағын жинақты мектептің құрылысы жүргізіледі және үлкен 5 мектеп салу мақсаты қойылды, – деді Бақытжан Хаберұлы. Мектептердің құрылысын бастау үшін биылға 3 миллирд теңге қажет. Премьер-министрден осы қаржыны бөлуге қолдау көрсету сұралды.

– Биыл республика көлемінде құрылысы жүргізілетін екі жүз мектептің алтауы бюджет есебінен осы өңірде бой көтермек. Облыстағы 6 апатты жағдайдағы, 3 үш ауысымды мектепті салу барысында қазына қаржысынан бөлек жеке инвестициялар тарту мәселесін пысықтау қажет, – деді Әлихан Асханұлы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий