Маңғыстаудағы туристік фестивал

Түпқараған ауданындағы Таушық ауылында педагогтардың туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, туристік – өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе тарату, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, білім қызметкерлері арасында XXV республикалық «Еуропа – Азия» туристік фестивалінің облыстық кезеңі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық  білім басқармасының баспасөз қызметі.

Фестивальге жалпы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының сексен педагогы қатысып, теориялық кезеңінде «Балалар туризмі туралы бір үзік сыр» бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған туристік мақалалары, «Жорық есебі», «Менің кіші Отаным» туристік жорықтар аясындағы бейнеролик материалдары, «Туризмнен онлайн сабақ» номинациялары бойынша жүргізген іздеу-зерттеу жұмыстары, жобалары, жорық картасы, күнделігі ұсынылса, «Туристік тұрмыс және дағды» барысында шатырлар құрып, бивуак орналастырылды.

Пән мұғалімдері практикалық кезеңде «Жеке», «Өткелдер», «Техникалық» қашықтықтары бойынша маршруттық парақта берілген «Аспалды өткел», «Қаз-қатар қадамдау» (гусиный шаг), «Параллельді өткел», «Бурелом», «Маятник», «Траверс», «Бөренеден өту» кезеңдерінен кідірмей жарысу арқылы түрлі сынақтар бойынша бағы мен бабын байқатты.

Қазылар алқасының шешімімен бірінші орын Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мектеп-лицейінің «Ақшұқыр» тобына беріліп, екінші қатардан жергілікті Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің «Түпқараған» және Маңғыстау ауданындағы Шетпе гимназиясының «Биіктік» топтары қатар көрінді. Үшінші орын орын Ақтау қаласындағы №13 гимназиясының «Бозжыра» және Бейнеу ауданының Боранқұл мектебінің «Желтау» топтарына бұйырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий