Ауыл оқушысының гранттары

Келес ауданындағы Ошақты ауылдық округінде орналасқан №54 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің 11- сынып оқушысы Даниярқызы Сая Польшаның Краковский политехникалық университеті мен Познаньский политехникалық университетінің гранттарын жеңіп алды, – деп хабарлайды Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Дарынды қыз көп жылдан бері тіл меңгеруге ден қойған. Бастауыш сыныпта оқып жүргеннен-ақ, өзінің ағылшын тіліне деген ерекше қызығушылығы артып, сол тілді терең меңгере бастаған. – Халықаралық,республикалық көптеген жарыстарға белсене қатысып жүрдім. Екі рет аудан олимпиадасында жүлделі орындарға ие болдым.

IQanat республикалық олимпиадасына қатысып жеңіс тұғырынан көріндім. Кейіннен онлайн түрде оқу курстарынан өтіп, шет елдегі конкурстарға қатысып жүрдім. Нәтижесінде шақырту келді. Қуанышымда шек жоқ, – дейді бітіруші түлек.  

Сая Жапонияның бір мектебінен 20 оқушы, еліміздің әр өңірінен жиырма білімгер іріктеп алынған халықаралық жобаға да қатысып жатыр. Шет елдік ғалымдар шәкірттердің ағылшын тіліндегі ұсыныстарымен танысып, оларға бағыт-бағдар берген.

Онлайн ұйымдастырылған білім бәйгесінде студенттердің де бақ сынауына мүмкіндіктері бар. Басты мақсат – екі елдің қарым-қатынасын жақсарту аясында түрлі деңгейдегі компаниялар берген ғаламдық күрделі сұрақтарға бірлескен түрде ортақ шешім табу.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий