Корея республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі AMANZHOLOV UNIVERSITY-де болды

Шығыс Қазақстан облысындағы жетекші ЖОО-ның қабырғасында Корея Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ку-Хонг-Сок, Елшіліктің бірінші хатшысы Ян Себектің және Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлегенмен кездесуі өтті, – деп хабарлайды Amanzholov University баспасөз қызметі.

Кездесудің басты тақырыбы – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Корея Республикасының ЖОО-дары арасындағы мәдениет және білім, ғылым саласындағы екіжақты байланыстарды талқылау болды. Айта кетейік, бұл Корея Республикасы елшісінің Шығыс Қазақстанға алғашқы сапары.

Amanzholov University ректоры Мұхтар Төлеген Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындарымен білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың ежелден мығымдығын атап өтті. Бүгінгі таңда Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да Джионгсанг университетімен, Католик университетімен, Дэгу университетімен, Пусан ұлттық университетімен ынтымақтастық туралы шарттар жемісті жүзеге асуда.

– Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне қош келдіңіздер! Сізді көргенімізге өте қуаныштымыз! Біздің университетке назар аударып, ресми сапармен келгеніңіз үшін алғысымды білдіргім келеді! Көріп отырғанымыздай, біздің университет пен корей жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық белсенді түрде дамуда, – дейді Amanzholov University ректоры Мұхтар Төлеген.

– Біздің ғылыми байланыстарымыз неғұрлым кең ауқымда болады деп үміттенеміз, бұған екі тарап ғалымдарының жоғары біліктілігі мен мүдделілігі және екі қос елдің – Корея Республикасының және Қазақстанның дипломатиялық қолдауы ықпал етеді. Бүгінгі кездесу біздің ғылыми байланыстарымызға жаңа серпін беретініне сенімдімін. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті біздің ғылым мен білім саласындағы бірлескен қызметіміздің аясын кеңейтуге ұмтылады және корей университеттерімен ынтымақтастыққа дайын. Келгеніңіз үшін және қолдау көрсеткеніңіз үшін рахмет!

Өз кезегінде Ку-Хонг-Сок мырза жоғарыда аталған университеттерден басқа Шығыс Қазақстан облысымен ынтымақтастыққа және бірлескен жұмысты жандандыруға қызығушылық танытатын басқа да жоғары оқу орындары бар екенін атап өтті.

– Жетпіс жылдық тарихы бар осынау университетке келгеніме қуаныштымын. Мәдени алмасу жылы аясында Корея Республикасының Елшілігі жастарға  арналған түрлі іс-шаралар мен концерттер өткізуді жоспарлап отырғанын атап өткім келеді. Олар Қазақстанның ірі қалаларында, сондай-ақ өңірлердегі студенттері қатыса алатындай онлайн форматта өтеді.

Бұл эссе байқауы және басқа да байқаулар легі. Сіздердің университеттеріңізге толайым табыстар тілеймін. Егер Amanzholov University тарапынан қандай да бір ұсыныстар немесе одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық болса, онда әрқашан біздің елшілікке жүгіне аласыздар. Біз сіздердің ұсыныстарыңызды қарауға дайынбыз,- деді Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку-Хонг-Сок.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Ку-Хонг-Сок мырза “Шет тілі: екі шет тілі” білім беру бағдарламасының студенттеріне Оңтүстік Корея туралы дәріс оқыды. Студенттерге корей және орыс тілдерінде мәдениет, табиғат, тарих, спорт, экономика және т.б. сипатталған “Корея: кеше және бүгін” атты кітаптар сыйға тартылды. Студенттер дәріс соңында естелік суретке түсті.

Ху-Хонг-Сок мырза мен Корея Республикасы Елшілігінің бірінші хатшысы Ян Себекке Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің негізгі оқу корпусы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар ғылыми кітапхананың сирек кітаптар қорын тамашалап, Алтайдың археология және мәдени мұра мұражайындағы жәдігерлермен танысты. “Абайтану” ҒЗО, “Dana bala” үздіксіз инклюзивті білім беру орталығына барды.

Айта кету керек, Amanzholov University-де “Шет тілі: екі шет тілі” білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда, онда корей тілі екінші шет тілі ретінде оқытылады. Сонымен қатар, шет тілі және аударма ісі кафедрасының оқытушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысады. Мәселен, Ирина Ларионова 2021 жылдың желтоқсан айында Бангкок университетінде дәріс оқыды.

Пусан ұлттық университетінің еріктілері, профессор Ким Ми Ханг және профессор Чанг-Мэй Ли Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да ғылыми-оқытушылық қызметтерін табысты жүзеге асыруда. Ал Amanzholov University студенттері Корея Республикасының Үкіметі ұсынатын грант бойынша корей университеттерінде корей тілін оқиды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий