Жергілікті түлектер жұмыспен қамтылады

Жаңақорған ауданының аумағындағы «Шалқия» кен орнын­да бірнеше жылдан бері жер асты қазбалары өндіріліп жатқаны белгілі. Бұл кен орнының жұмысын әлемдегі алпауыт елдермен жұмыс жасайтын Қытай компаниясы төрт жыл мердігерлік арқылы үйлестіруде, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Маңыздысы сол, Қытайдың «Kingka Mining Construction» ЖШС компаниясының басшылығы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында аудандағы колледж шәкірттерінің біліктілігін арттырумен қатар, жұмыспен қамту мәселелеріне белсене араласып, өз үлестерін қосуға ниетті. Жаңақорған аграрлық-техникалық колледж директоры Жомарт Шауенов пен аспан асты елі компаниясының директоры Дзянг Хайвен  және «Шалқия Цинк LTD» АҚ-ның әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ғабит Ғазизқанұлымен кездесіп, екіжақты меморандумға отырды.

Ынтымақтастық аясында колледждегі «Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу» мамандығының студенттері «Шалқия» кен орнында өндірістік практикадан өтіп, толықтай жұмыспен қамтылатын болады. Сондай-ақ, түлектер оқуды аяқтаған соң өз қалауы арқылы Қытай мемлекетіне барып жоғары білім алу үшін оқуын әрі қарай жалғастыруларына мүмкіндік беріледі.

– Бұл әріптестік байланыс жергілікті арнаулы оқу орнының түлектерін жұмыспен қамтуға және Қытай мемлекетінде біліктіліктерін арттыруға зор мүмкіндік тудырып отыр. Сондай-ақ, біз шет елдік осы компанияның тапсырысымен тігін шеберханасында ақылы түрде жұмыс киімі мен қажетті жабдықтарын да тігудеміз, – дейді колледж директоры Жомарт Абибуллаұлы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий