Жекеменшік мектеп: білімнің мазмұнын байытады

Білім саласында бәсекелестік орта қалыптастыруда – жекеменшік мектептің орны зор. Сондықтан, жеке мектептердің санын көбейту мен дамытуға ерекше мән берілуде. Бүгінде Жаңақорған ауданында 4 жекеменшік мектеп жұмыс жасауда, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жаңақорған ауданындағы пресс-тур аясында БАҚ өкілдері кент орталығындағы Жұмаділла Өскенбайұлы атындағы дарынды балалар жеке мектебінің жұмысымен танысты. Дарынды балалар мектебі 2021 жылдан бастап ашылған 500 орындық аудандағы жаңа жеке мектептердің бірі. Бүгінде білім ордасында 51 жоғары санаттағы мұғалімдер 1-4 сынып бойынша 282 оқушыға білім беруде. Сонымен қатар мектепте оқушыларды тасымалдау үшін 2 автокөлік те қарастырылған.

Сондай-ақ, аталмыш білім ошағында сабақтан тыс уақытта оқушылар үшін би, таэквондо, шахмат, ментальды арифметика, баскетбол секілді үйірмелер жұмыс жасайды. Бүгінде үйірме оқушылары көптеген түрлі байқауларда жеңімпаз атанып, үздіктер қатарынан көрінуде.

Бүгінде келесі жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын жүргізудеміз. Қыркүйек айында 1 сыныпқа 100 оқушы қабылдау жоспарланып отыр. Келесі жылға мектепті кеңейтіп, жоғары сыныптар ашу жоспарымызда бар, – деді мектеп құрылтайшысы Елдос Жұмаділлаұлы.

Айта кетейік, бүгінде Жаңақорған ауданында мұнан бөлек тағы 3 жеке мектептер жұмыс жасауда. Келесі жаңа оқу жылына орай ауданда тағы да 1-9 сынып аралығындағы 120 орындық жеке мектеп ашылады деп жоспарлануда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий