Ауыл мұғалімдері үштілде білім беру және STEM әдістерін меңгерді

Павлодар облысындағы Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясы ауыл мектептеріне қолдау көрсетуде. Жаратылыстану мен математика бағытындағы пәндерді үш тілде оқытатын ауылдық жерлерде орналасқан білім ордаларының ұстаздарына «Үштілде білім алу және STEM-әдістері» тақырыбында семинар практикум  ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы шараны үйлестірушілердің баспасөз қызметі.

Гимназияда үш тілде оқыту бағытындағы іс- шаралардың ішіндегі ұлы адамдарға арналған әдеби кештерді үш тілде өткізу де дәстүрге айналған.  – Май ауданы білім беру бөлімімен бірлескен қызметтің мақсаты жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу жағдайында білім сапасын арттыру бойынша міндеттерді кешенді шешу болып табылады. Аталған мақсатты іске асыру бойынша өзара ынтымақтастықты орната отырып, гимназия ұстаздары жаңа идеялармен, тәжірибелерімен   алмасу  арқылы  Май ауданы мұғалімдерінің  кәсіби  дағдыларын  дамытуға  өз  үлестерін    қосып  келеді, – дейді директордың ғылым жөніндегі орынбасары Аккентаева Клара Мухамедкалиевна.

Үштілділікті жүзеге асыру барысында әдістемелік дайындықтың жоғары деңгейіне ие, шығармашылықпен жұмыс істейтін Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясы физика пәні мұғалімдері Қабылбекова А.С., Атик Б.В., информатика мұғалімі Абылгазина Э.Т. ашық сабақтар мен шебер сынып өткізіп, өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.  «STEM-ғылыми-техникалық білім негізі»- тақырыбында көрме ұйымдастырылды.  

Гимназия директорының ғылым жөніндегі орынбасары Аккентаева К.М. ұстаздардың кәсіби өсу көрсеткіштері мен осы бағытта атқарылып жатқан іс- шараларға тоқталып өтті. Семинарда ұлы ұстаз А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ұлтымыздың  ұлы ұстазы»  атты әдеби кеш өткізілді.

Семинарға Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері де қатысқан. Семинар соңында пікіралмасу өткізіліп, осы бағытта мұғалімдер өз сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салып, қажетті құнды мәліметтер алып, ары қарай да бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий