Білікті маман – нұрлы болашақ кепілі

Мектепті дамытудың алғы шарттары тәлімгерлік мұғалімдердің қызмет бойынша айтарлықтай жоғарылауына, жаңа кәсіби рол жүктелуіне әкелетін, кәсіби тұрғыдан өсуіне қолдау көрсетуге бағытталған құрылымдалған және тұрақты үдеріс болып табылады. Мектептегі коучинг пен тәлімгерліктің сапалы жүргізілуіне көңіл бөлініп отырамын.

Тәлімгерлікті қажеттілігіне қарай мақсатын анықтай отырып, тәлімгер мен тәлім алушы арасындағы қысқа кездесулердің кестесін келісу мақсатында өткізіліп отырылды. Егер тәлімгерліктің мақсаты оқыту мен оқу болған жағдайда, тәлім алушымен міндетті түрде сабақтың мақсатын анықтап, жоспарымен танысу мақсатында сабақ алдында қысқа кездесумен ұйымдастырылған. Мұғаліммен бірлесе отырып,  оқыту мен оқу тәжірибесіне байланысты шешімдер қабылданған.

Мұғалім сабақты өткізгеннен кейін тәлімгер мен мұғалім сабақтың мәнін және оқыту мен оқу тәжірибесін, нәтижелелерін талқылау мақсатында кездесу ұйымдастырғаны анықталды. Бұл мұғалімнің оқытушылық тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік беріп отырады. Тәлімгер міндетті түрде дәлел ретінде, оқушы әрекетін қадағалап отыруға және бейнетаспаға, фотоларға түсіріп жинақтап отырады. Объективті дәлелдерді зерделеу арқылы тәжірибені жетілдіруге  болатына мұғалімнің көзі жеткендігін байқадым.

Мұғалімге ой өрбітуге мейлінше көмектесіп, проблемаларды шешу кезінде қолдау көретіндігін мойындайды. Сауaлнама арқылы мұғалімдердің қажеттілігі анықтaлып, коучингтер жоспарланды. Тәлім алушылар коучингтерге қатысып, ОМЖ және ҚМЖ жасауды үйренді. Ресми және бейресми кездесулер арқылы бағдарламаның мазмұны мен идеясын түсініп жұмыс жүргізді. Мектеп басшысы да, тәлім алушы ретінде барлық өткізілген шаралармен танысып, сабақтар мен өткізілген коучингтердің ортасында болып белсенділік танытты.

Барлық жағынан қолдау көрсетті. Соңғы үш жылда мектептегі мұғалімдер кәсіби деңгейін көтеру аясында  коучинг пен тәлімгерліктің арасындағы айырмашылықтарын жете түсіне бастады. Коучингке қатысуға ынта білдірген мұғалімдер қатыса алады немесе пән бірлестіктерін топтастыру арқылы ұйымдастырылады.

Күнқиғаш УМБЕТОВА,
Бозой жалпы орта білім беретін
мектеп директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары
, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий