Болашақ ұстаздар туған жердің педагог ағартушыларын білуі тиіс

Аймақтағы әдістемелік кабинеттің бастамасымен Ұзынкөл ауданының № 1 жалпы білім беретін мектептің болашақ педагог сыныбы оқушылары “Озат” мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатына барды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бағдарламасы аясында білім беру ұйымдары бойынша экскурсия өткізілді. Ұзынкөл мектебінің оқушылары республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздарымен және олардың жобаларымен танысуға мүмкіндік алды. «Озат» МАТМЛИ психологы ұйымдастырған киберспорт ойыны мен тренингі балаларды өте қызықтырды.

Түстен кейін оқушылар Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайына барып, ұлы педагог – ағартушының қызметімен танысты. Болашақ педагогтер туған жердің педагог-ағартушыларын білуі тиіс!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Болашақ ұстаздар туған жердің педагог ағартушыларын білуі тиіс

Добавить комментарий