Мектепті жақсартуға көмектес

«Мектепті жақсартуға көмектес!» – ұранымен мектеп дәретханалары мен асханаларына мониторинг жүргізіледі. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Балаға лайық» республикалық акциясын бастады, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі.
Акцияға кез келген ниет білдіруші: мектеп оқушылары, еріктілер, балалар өкілдігі, мұғалімдер, ата-аналар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және тағы да баса жанашырлар қатыса алады. «Check your school» атты бірінші кезеңнен басталатын науқан шарттарымен таныссақ: қатысуға ниет білдіргендер 8 700 6990446 нөміріне WhatsApp пен Telegram-ға және https://t.me/Balagakz_bot – сілтемесіне нормаға сәйкес келмейтін немесе талап сақталмаған мектеп дәретханалары мен асханаларының фото және видеоларын жібере алады.
Сонымен қатар Instagram, Tiktok әлеуметтік желілеріне #БалағаЛайық #balagalaiyq хэштегімен жүктеп жібере алады. «Осыған дейін министрлік бірқатар өңірге әкімдіктердің құзырындағы мектеп дәретханалары мен мектеп мәзірін жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін хат жолдаған болатын. Акция жазалау үшін емес, қоғамды бірлесіп балаларға қажетті жағдай жасауға тарту үшін жүргізіледі.
Кейін фотолар мен видеолар бұзушылықтарды жою талаптарымен өңірлердің Білім басқармаларына жолданады. «Қатемен жұмыс» жүргізілгеннен кейін Instagram-дағы @balaga.laiyq парақшасында мектеп дәретханалары мен асханаларының «дейінгі және кейінгі» фотолары мен видеолары жарияланады. Баршаңызды науқанға белсене қатысып, білім беру ұйымдарын жайлы әрі қауіпсіз етуге шақырамыз, – дейді Элина Паули.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий